Украинка ауылы онлайнға шығады: Ұлан ауданында мобильді интернет дамуда

Украинка ауылы онлайнға шығады: Ұлан ауданында мобильді интернет дамуда

Ұлан ауданына қарасты, 670 тұрғыны бар Украинка ауылында цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша маңызды жұмыс басталды. Бірнеше жыл бойы ауыл тұрғындары тек дауыс байланысын пайдаланып келсе, мобильді интернет қолжетімсіз болып келген еді.

Енді жақын күндері Украинка ауылының тұрғындары жылдам мобильді интернетке қол жеткізе алады. Бұл — мобильді интернет операторы «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Tele2/Altel маркасы) өзіне алған қосымша міндеттемелерді орындауы, сондай-ақ ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауы және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ықпалы арқасында мүмкін болды.

Қазіргі уақытта ауылда 21 метрлік антенна-мачталық құрылғының құрылысы жүргізілуде. Жаңа инфрақұрылым тұрақты сигналды қамтамасыз етіп, мобильді интернеттің жұмыс істеуіне қажетті сапалы қамту аймағын жасайды. Жобаны аяқтау 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Жұмыстар жалғасуда, ал монтаждың аяқталуы және желінің іске қосылуы туралы қосымша хабарланатын болады.