
8 желтоқсан күні облыс әкімі Ахуалдық орталығында Білім басқармасына арналған Demo Day өтті. Іс-шара барысында 2025 жылғы жұмыстар қорытындыланып, басқармада 12 тізілім және 34 автоматты есеп қалыптастырылғаны хабарланды. Тізілімдердің толтырылу динамикасы мен олардың басқарушылық шешімдердегі қолдану мысалдары көрсетілді.
Сол күні Қаржы басқармасында да Demo Day ұйымдастырылып, салалық тізілімдерді жүргізу және өзектендіру жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Мамандар деректер сапасының артуын және тізілімдердің күнделікті жұмыс процесінде тиімді қолданылып жатқанын атап өтті.
9–10 желтоксан күндері Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларында өткен кездесулерде ведомстволық реестрлерді жаңарту нәтижелері ұсынылды.
Энергетика және ТҮКШ саласында 19 тізілім мен 18 автоматтандырылған есеп, ал жұмылдыру бағытында 12 тізілім және 11 автоматты есеп бойынша жүргізілген жұмыс таныстырылды. Кездесуде деректердің толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету, техникалық сүйемелдеу және функционалды жетілдіру мәселелері қаралды.
Үш күнге созылған Demo Day мемлекеттік басқаруда деректермен жұмыс істеу мәдениетін нығайтып, цифрландыру бағытындағы келесі жылға арналған жоспарларды айқындады.