
Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық «Қолжетімді интернет» жобасын іске асыру жалғасуда. Облыс әкімдігі «Jusan Mobile» АҚ байланыс операторымен бірлесіп, жоспарланған 30 OneWeb жиынтығының 19 спутниктік терминалын орнатты.
Орнатылған терминалдар 50 Мбит/с дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар әр елді мекенде 100 метр радиусқа дейін жұмыс істейтін тегін қоғамдық Wi-Fi нүктесі іске қосылды.
Интернетпен қамтылған ауылдар:
Алтай ауданы: Северное, Богатырево, Восточное, Александровка, Сенное, Дородница
Күршім ауданы: Теріскей-Бөкенбай, Қыстау-Күршім, Күнгей-Бөкенбай, Қайнар
Зайсан ауданы: Шышытсу, Қабырғатал, Жіңішкесу, Қарасай
Риддер қаласы: Поперечное
Марқакөл ауданы: Күнгей-Бөкенбай
Катонқарағай ауданы: Рахман қайнарлары, Мойылды, Өрнек
Тарбағатай ауданы: Ахметбұлақ
Үлкен Нарын ауданы: Сенное
Ұлан ауданы: Манат
Шемонаиха ауданы: Кандыковка
Бұл жұмыс ауылдық елді мекендердің интернетке қолжетімділігін арттырып, цифрлық сервистерді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді.