Oskemen Hub алаңында Pizza Pitch: жас стартапшылар мен жаңа идеялар кездесті

Oskemen Hub алаңында Pizza Pitch: жас стартапшылар мен жаңа идеялар кездесті
2025 жылдың 6 қарашасында Oskemen Hub базасында “Pizza Pitch by Oskemen Hub” атты ерекше форматтағы шара өтті. Қатысушылар өздерінің стартаптары мен инновациялық жобаларын бейресми, достық атмосферада таныстырып, пицца дәмін тата отырып пікір алмасты.
 
Питчингке IT, білім беру, экология және әлеуметтік бастамалар бағыттарын қамтыған 11 жоба қатысты.
 
Іс-шара барысында стартап авторлары өз идеяларын IT саласының өкілдері, кәсіпкерлер және стартап менторларынан құралған қазылар алқасының алдында қорғады. Әр командаға жобасының әлеуетін көрсетуге және кәсіби кері байланыс алуға мүмкіндік берілді.
 
Жеңімпаздар үш стартап болды:
1.Enterra – бизнес пен мемлекеттік секторға арналған суперапп.
2.Schedify – әкімшілікке, студенттерге және педагогтарға бірдей қолайлы кестелер платформасы.
3.AgroLink – фермерлердің ауылшаруашылық өнімдерін тікелей жеткізуге арналған сандық B2B платформасы.
 
Pizza Pitch — бұл жай ғана питч емес, AI, шығармашылық, ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер тоғысқан ерекше кеш.