
Бүгін, 10 қараша — Цифрландыру күні!
Бұл күн — еліміздің технологиялық дамуы мен инновациялық экожүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Цифрландыру – тиімді басқару, ашықтық пен қолжетімділікті арттыруға бағытталған басты құралдардың бірі болып табылады.
Осы мереке аясында Цифрландыру басқармасы барлық ІТ саласының мамандарын және цифрлық жобаларды іске асырып жүрген әріптестерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің заманауи және бәсекеге қабілетті цифрлық болашағын құруда ерекше рөл атқарады.
Жаңа идеялар мен табысты жобаларға толы кәсіби жол тілейміз!
Бірлесе отырып, еліміздің цифрлық трансформациясын жаңа деңгейге көтерейік.