ШҚО-да Цифрландыру басқармасы ірі телекоммуникация компанияларын марапаттады

ШҚО-да Цифрландыру басқармасы ірі телекоммуникация компанияларын марапаттады
 
Бүгін, 10 қараша – Цифрландыру күніне орай, ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы аймақтағы ірі телекоммуникация компанияларын құттықтап, алғысхаттармен марапаттады.
 
Марапат алған ұйымдар:
•«Казахтелеком» АҚ
•«Транстелеком» АҚ
•«Кар-Тел» ЖШС
•«ФастЛайн» ЖШС
•«Freedom Telecom»
•«Satory Company Ltd» ЖШС
 
Басқарма өкілдері атап өткендей, компаниялар цифрлық технологияларды дамытуға қосқан үлестері үшін жоғары бағаланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта өңірде инновациялық жобаларды кеңейту және цифрлық сервистерді жетілдіру жоспарланған.