ШҚО-да цифрлық трансформация жобалары таныстырылды – ҚР Үкіметі инспекторы жұмыс сапарымен келді

ШҚО-да цифрлық трансформация жобалары таныстырылды – ҚР Үкіметі инспекторы жұмыс сапарымен келді

6 қараша 2025жылы ҚР Үкіметі Аппаратының инспекторы Абдиев Максут Меирбекович ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі цифрлық трансформацияның маңызды жобаларымен танысты.

Кездесу барысында цифрландырудың маңызды бағыттары, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Бимагамбетов Кайрат Булатович өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалармен және цифрлық трансформация көрсеткіштерін таныстырды.