Жаңа техника мен цифрландыру – Шығыс Қазақстан құтқарушылары жұмысының жаңа кезеңі

Жаңа техника мен цифрландыру – Шығыс Қазақстан құтқарушылары жұмысының жаңа кезеңі

22 қыркүйек күні Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер мен жедел әрекет ету қызметкерлеріне заманауи көліктердің кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қолдауымен және ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Болатович Бимағамбетовтың қатысуымен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деректерді толық цикл бойынша басқаруды қамтитын жоба таныстырылды. Маршрутты тіркеу QR-код арқылы жүзеге асырылады, ал деректер шұғыл түрде ТЖ департаментінің интерфейсінде бақыланады. Бұл тәуекелдердің алдын дер кезінде алуға және іздестіру-құтқару шараларын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жаңашыл бастама өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, туризмді дамытуға да ықпал етеді.