Жолаушылардың назарына!

Жолаушылардың назарына!

     Ауа райының нашарлауына байланысты өңірде автомобиль жолаушылар көлігінің қозғалысы қиындап тұр.

     Өскемен қаласынан Алтай, Риддер қалаларына және кері қайтатын жолаушыларға «Өскемен-1 - Алтай», «Өскемен-1 - Риддер» қала маңындағы пойыздарының қызметтерін пайдалану ұсынылады.

     Өскемен қаласынан Зайсан қаласына және кері қайтатын жолаушыларға «Өскемен - Зайсан» әуе қатынасының қызметтерін пайдалану ұсынылады.

     Қала маңындағы поездардың қозғалыс кестесі, әуерейстер кестесі қоса беріледі (а.ж. 1 наурызға дейін өзекті).