Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу

«Қызыл ту» Паромдық өткел кешенін қызмет көрсетуге беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу арқылы қызмет көрсетуге беру жоспарлануда ("Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚР Заңы шеңберінде).

Кәсіпкерлік субъектілерін МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында ММЖК осы "қызығушылықты білдіретін сұрау салуды"қалыптастырды.

Қызығушылық танытқан жағдайда к компания туралы мәліметтер (атауы, құрылған күні, меншік нысаны, негізгі қызмет түрі, жұмыс тәжірибесі), ұсыныстар ұсынуды сұраймыз.

Ұсыныстар қызығушылық білдіруге сұраныс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде 2021 жылғы 12 ақпанына мерзімге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:

"Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, каб. 507, электрондық поштаға қайталай отырып transportvko@mail.ru (сканерленген түрде).

Паромдық өткелдің мүліктік кешенін басқару және пайдалану сапасын арттыру мақсатында ("Ертіс" және "Күршім" дизель-электроходтары, №1, №3, № 4 күшейтілген клиндық понтондар) осы объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу арқылы жеке компанияға қызмет көрсетуге беру жоспарлануда.

Осы функцияларды жүзеге асыру Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген.