Өскемен қаласы электрондық билеттеу жүйесін іске қосуға дайындалуда

Өскемен қаласы электрондық билеттеу жүйесін іске қосуға дайындалуда

Өскемен қаласы электрондық билеттеу жүйесін іске қосуға дайындалуда

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс орталығында «Қалалық жолаушы көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құрумен, Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын бақылау және төлеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу және сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласы электрондық билеттеу жүйесін іске қосуға дайындалуда, ол қаланың барлық қоғамдық көлігін қамтиды. Жүйені іске қосуға аз уақыт қалды. Бүгін біз әрбір жолаушының нені білу керектігін баяндаймыз.

 

  1. Жол ақысын төлеу үшін арнайы көлік картасы болады.

 

Енді жол ақысын төлеу үшін жолаушылар көлік картасын қолданады, ол қаланың барлық көлік түрінде және бағыттарында  бірден қолданылады.

Көлік картасының екі түрі әзірленді: қарапайым жолаушылар және жеңілдіктері бар жолаушылар үшін.

Жол жүру ақысын төлеу үшін жолаушы көлік картасын валидаторға жанастырады, ол автобустың немесе трамвай салонының әрбір есігінің жанына орналастырылған. Шағын автобуста жол жүру ақысын төлеу үшін жүргізушінің қасында орнатылған терминалға картаны жанастыру керек.

Валидаторда төлемді растау кезінде дыбыс сигналы беріледі, жасыл шам жанады және экранда тиісті жазу пайда болады. Егер қандай да бір себептермен төлем өтпесе валидатор дыбыс сигналын береді және экранда жазу шығады.

Сонымен бірге жолаушылар жол жүру ақысын көлік салонында жүргізушіге қолма-қол ақшамен төлей алады. Бұл жолаушылардың барынша көп ауқымы мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді.

Алғашқы уақытта автобус салонында кондукторлар жұмыс істейді, олар жолаушыларға жол жүру ақысын төлеуге көмектеседі. Төлемді контоллерлер тексереді. Олар төлемді бақылау кезінде жүйені бұғаттайды.  Бақылау кезіне жолаушы контроллердің портативті құрылғысына жанастырады. Осы уақытта экранда жол жүру ақысының төленген-төленбегені туралы жазба пайда болады. Қолма-қол төлеген жолаушылар чекті көрсетеді.

 

  1. Көлік картасын 20 арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады.

 

Өңірдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көлік карталарын сатудың басталуы әзірге кейінге қалдырылуда. Алайда, қазірдің өзіде сату нүктелерінің мекенжайлары анықталған. Өскемен қаласында төмендегі мекенжайларда көлік карталарын сатып алуға және толықтыруға болады:

 

  • «Ануар» СҮ - Қабанбай батыр көшесі, 146/1
  • «Мерей» СҮ - Қабанбай батыр көшесі, 76
  •  «Универсам» СҮ  - Н. Назарбаев даңғылы, 91
  •  «Аружан» СҮ - Н. Назарбаев даңғылы, 37
  •  «Даниель» СҮ  -  Абай даңғылы, 1/1 (2 нүкте)
  • «Старт» СҮ  - Абай даңғылы, 5
  • «Эмилия» СҮ  - Әуезов даңғылы, 11/1
  • «Достык» СҮ  - Өтепов көшесі, 13/1
  • «Океан СҮ  Өтепов көшесі, 25/2
  • «Горизонт» СҮ  -  Михаэлис көшесі, 4
  • «Көкжал» (ЖМК) - СҮ  - проспект Қазыбек би даңғылы, 5в
  • «Азия» (ЖМК)  СҮ  - І. Есенберлин даңғылы, 19/1
  • «Ел Еңбек» СҮ  - Менделеев көшесі, 12
  • «Самал» гастрономы - Бажов көшесі, 331/1
  • «Микен Маркет» дүкені - Қазақстан көшесі, 64
  • Өскемен вокзалы - Мызы көшесі
  • «ЖТБО» ЖШС - Жібек жолы көшесі, 3
  • «7я Маркет» дүкені – Ново-Ахмер шағын ауданы, 11а

Қарапайым жолаушының картасы 500 теңгені құрайды. Карта бір рет сатып алынады және қажеті бойынша толықтырылады. Мысалы, айлық жол жүру ақысының мерзімі аяқталған кезде.

Жаңа жүйе жол жүру тарифтерінің бірнеше түрін бір картаға бірден жазуға мүмкіндік береді.

Бұл ұзақ мерзімді (айлық), көлік түрі бойынша (автобусқа) немесе бір жолға сапарларды төлеу үшін белгілі бір сома (1000 теңге) болуы мүмкін. Егер сізде бірнеше тариф жазылса, онда төлеу жүйесі ең тиімді тарифті автоматты түрде таңдайды.

 

 

  1. Жеңілдік карталары тегін беріледі.

 

Жеңілдік картаны алу үшін өтініш жазып, жеңілдік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру керек. Қазіргі уақытта өңірдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтініш тапсыру және карта беру уақытша тоқтатылды.

 

Жеңілдік картасын алу үшін мына мекенжайлар бойынша өтініш беруге болады (70 жастан асқан адамдардан басқа):

 

  • Тургенев көшесі, 30 - ГУ «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
  • Жібек Жолы көшесі, 3 – «Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС  

 

70 жастан асқан адамдар жеңілдік картасын алу үшін «Өскемен қаласы әкімдігінің аумақтық басқару орталығы» КММ филиалдарына өтініш жазуына болады:

 

  • Сәтпаев даңғылы, 36
  • Челюскин көшесі, 17/1
  • Чехов көшесі, 68
  • Буров көшесі, 24
  • Менделеев көшесі, 4
  • Атлантическая көшесі, 38
  • Добролюбов көшесі, 25
  • Бажов көшесі, 546
  • Горький көшесі, 11а, Меновное шағын ауданы 
  • Тынышпаев көшесі, 123
  • Гагарин бульвары, 20

 

Жеңілдік карталары атаулы болады, басқаға беруге болмайды. Жеңілдік картаны жеңілдікке құқығы бар жолаушы ғана қолдана алады.

Электрондық билеттеу жүйесін енгізгеннен бастап тек жеңілдік картасының көмегімен ақы төленген кезде ғана жол жүруге жеңілдік берілетін болады. Жеңілдікпен жол жүру ақысын
қолма-қол ақшамен төлеу мүмкін болмайды. Сондықтан жеңілдік картасын рәсімдеу міндетті болып табылады.

Балалар үшін бөлек карта әрекет етеді. Жоба «Қазпошта» АҚ бірлесіп пысықталуда.

 

  1. Жол жүру құны өзгермейді

 

Электрондық билеттеу жүйесі жол жүру төлемі құнының өзгеруіне әсер етпейді.

Тарифтік кесте сақталады. Бұл, алғашында қаладағы осы уақыттағы барлық тарифтердің қол жетімді болатынын білдіреді.

Жүйе іске қосылғаннан кейін сараланған тариф енгізу жоспарлануда, онда жол жүру құны
қолма-қол ақшамен төлегенге қарағанда арзанырақ болады.

Электрондық билеттеудің жаңа жүйесі төмендегілерге икемді тарифтер жасауға мүмкіндік беретінін айта кетейік:   сапарлар саны, күнделікті және басқалар. Болашақта жолаушылар үшін бонустармен жаңа тарифтарды енгізу мүмкіндігі пайда болады.

 

 

  1. Көлік қозғалысын онлайн режимінде бақылауға болады

 

Енді жолаушы онлайн режимінде керекті автобустың аялдама пунктіне қашан келетінін көре алады. Ол үшін өз смартфоныңызға OSKEMEN BUS мобильдік қосымшасын жүктеу керек. Қосымшаны жүктеу 25 қарашадан бастап қол жетімді болады.

Қосымшаның көмегімен сіз көлік қозғалысын бақылап қана коймай, санымен қатар бағыттар құра аласыз, сондай-ақ, көлік қозғалысының кестесі мен сызбаларын қарай аласыз. Дәл осындай опциялар аттас сайтта да қол жетімді болады.