Жазғы туристік маусымға дайындық шаралары қарастырылды

Жазғы туристік маусымға дайындық шаралары қарастырылды

Жазғы туристік маусымға дайындық шаралары қаралды.

Біздің өңір еліміздегі туристерді орналастыру орындарының саны бойынша көшбасшы.
17-27 мамыр аралығында Алакөл, Бұқтырма су қоймасы мен Сібе көлдерінің жағалауларына мониторинг жүргізу мақсатында кешенді жұмыс тобы қызмет етті. Санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, судағы қауіпсіздік бойынша тексеру және түсіндіру жүргізді.

Жаңа маусымда Алакөл және Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базалары Info Kazakhstan сайты арқылы берілетін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестік, сонымен қатар дайындық актілерін алулары тиіс.

Кәсіпкерлерге туристерді қабылдаудың бірқатар нұсқалары ұсынылды. Бұл - "Ashyk" жүйесін енгізу немесе ПТР зерттеудің теріс нәтижесінің, сондай-ақ вакцинация паспортының болуы туралы талаптар.

Өткен маусым тәжірибесі көрсеткендей, туристер, қызметкерлер мен аудан тұрғындарының қауіпсіздігін бизнесмендер мен демалушылар тарапынан жоғары жауапкершілікті талап ете отырып қана қамтамасыз ете аламыз. Осы орайда, облыс басшысы, демалыс үйлері мен пансионаттардың қызметкерлері де вакцинация паспорттарына ие болғандары абзал екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, биыл Үржар әуежайының жабылуына байланысты "Өскемен-Достық", "Семей – Достық" бағыттары бойынша облысішілік қатынастардағы вагондар саны екі есеге артады. Яғни, егер өткен жылы вагондардың жалпы саны он бірлік болса, енді екі қаладан жиырма вагон іске қосу жоспарлануда. Нұр-Сұлтан мен Алматыдан облысаралық бағыттар болады. Сондай-ақ, көлдің басына және Барлық-Арасанға қатынайтын маусымдық автобустар саны да екі есеге ұлғайды.