Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметовтың Израиль мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесуі

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметовтың Израиль мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесуі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов Израиль мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті . Бірқатар әлеуметтік және ауыл шаруашылығы жобаларына қатысты жоспарларды талқыладық.

Израильмен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға ерекше мүдделілік туралы айтылды. Биыл облысымыздан 150-ге жуық маманды шетелдік клиникаларға үш айдан астам мерзімге оқуға және біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отырмыз. Негізгі бағыттар - онкология, кардиология және босандыру. Қаржыландыру аймақтық бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

Осы ретте Лиат Вексельман Елшілік тарапынан бұл мамандардың барлығын өздерінде оқыту мүмкіндігін қарастыру және жан-жақты қолдау білдіру бойынша келіссөздер ертең басталатынын жеткізді.

Бұдан басқа, пандемияға байланысты жағдай тұрақталғаннан кейін өңірдің АӨК субъектілері үшін бірлескен бизнес-форум өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.