«Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

9 желтоқсан 2021 жылы Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Alikhan Bokeikhan University»-де «Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ғалымдар, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференцияны ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Ә.Төлемісова кіріспе сөзбен бастап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Ғалымдар мен қоғам қайраткерлері «Тәуелсіздік тағылымы», «Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы мәселесі: жетістіктері мен кемшіліктері», «Эссе жазудың жастар тәрбиесіндегі ролі», «Тәуелсіздік кезең прозасындағы тақырыптық ізденістер» және т.б. тақырыптарда баяндама жасады.
Шара барысында мемлекеттік тілдің дамуы, терминжасам мәселелері қозғалып, ономастикалық атауларды ретке келтіру жұмыстары талқыланды.
Конференцияның соңында шақырылған қонақтарға Әлихан Бөкейхан университеті жанындағы «Алаштану» ғылыми-зерттеу және ономастика ғылыми-зерттеу орталықтары таныстырылды.