Шығыс Қазақстан облысы республикалық  «Ұлттық ономастика-ел айнасы» байқауында жүлдегер атанды  

Шығыс Қазақстан облысы  республикалық  «Ұлттық ономастика-ел айнасы» байқауында жүлдегер атанды   

2021 жылғы 26 қарашада Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика- ел айнасы» республикалық байқауы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты да ономастика мәселесімен шұғылданып, сол істерді атқаратын жергілікті атқарушы органдардағы мамандардың біліктілігін сынау.

Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды,  Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан барлығы 11 команда қатысқан республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан «Алаш» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Үш адамнан тұратын команда құрамында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Жұмақанов Медет Оразұлы, осы басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Берікбекова Толқын Берікбекқызы және Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Бахатова Маржан Аманбердіқызы болды.

Жеңімпаздар арнайы Диполммен және бағалы сертификатпен марапатталды.