«Ұлттық ономастика – Ел айнасы»

«Ұлттық ономастика – Ел айнасы»

2021 жылдың 15 қазанында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» атты облыстық байқауы өтті. Шараға тілдерді дамыту бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысты.

Байқауға қатысушы топ мүшелері «Топтық сайыс», «Атаулар – сыр шертеді», «Жер-судың аты-тарихтың хаты» және «Ономастика» сынды кезеңдері бойынша қалалар мен аудандарда ономастика саласында атқарылған жұмыстарын көрсетіп, білімдерін ортаға салды.

Шара қорытындысы юойынша Семей қаласының «Алаш» командасы  1-ші орынды, Өскемен қаласының «Ерке Ертіс» командасы 2-ші орынды, Ұлан ауданының «Ұлан патриоттары» командасы 3-ші орынды иеленді.

Орын алған 3 команда Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

ҚР БҒМ Тіл саясаты комитеті ұйымдастыратын байқаудың республикалық кезеңі а.ж. қараша айында өтеді.