«Тәуелсіздік және тіл»

«Тәуелсіздік және тіл»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқының тілдері күні болып бекітілген.
Осыған орай 2021 жылғы 3 қыркүйекте ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТІЛ» атты тілдер мерекесі ұйымдастырылды.
Шараға қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ғалымдар, Достық үйінің қызметкерлері, облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.
Шараның мақсаты: облыста тұратын барлық этностардың тілі мен мәдениетін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Ә. Төлемісова мерекелік шараға қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтап, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысқан азаматтарды марапаттады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға және ұлтаралық бірлікті сақтауға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімінің орынбасары А.М.Мухамедчиновтің Құрмет Грамотасымен және арнайы сыйлығымен С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Калимолдина Жаннета Амангелдиновна, «Хак» Прииртыштық татарлардың және башқұрттардың одағы» ассоциациясы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Ахунжанов Габдулхак Габдуллович, Бородулиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бельская Индира Юрьевна марапатталды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет Грамотасы және арнайы сыйлығы Закария Хасен Қайроллаұлына, Ұлан ауданы Восточное ауылдық балабақшасының мектепалды сыныбының тәрбиешісі, республикалық байқаулардың жүлдегері Литвина Виктория Сергеевнаға, ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Калтаева Асемгул Мадениетовнаға табысталды.
ҚР Білім және ғылым министрілігі онлайн құттықтау ұйымдастырып, тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сиырбаев Серікбол Құнапияұлын, Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының бас маманы Бүркітбаева Анаргүл Ұлықбекқызын, Риддер қаласындағы тілдерді оқыту орталығының директоры Садыкова Құралай Кауконевнаны, Бородулиха ауданы Абай атындағы негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мокроусова Виктория Анатольевнаны марапаттады.
Шығыс Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың мәдениетін сақтап, өз ана тілдерін оқып-үйренуі үшін барлық жағдайлар жасалған.