«Тілім – тірегім»  ақпараттық-танымдық сағат

«Тілім – тірегім»  ақпараттық-танымдық сағат

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен  Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Тілдер шеруі» айлығы аясында 2021 жылдың 19 тамызы күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлеріне  «Тілім - тірегім» атты онлайн режимде ақпараттық-танымдық сағат өткізді.

Ақпараттық сағатты ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Төлемісова кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларды Тілдер мерекесімен құттықтады. Zoom платформасында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы  Л. Қайдарова мекеме қызметкерлеріне  атаулы мереке туралы ақпарат беріп, әр тілдің ұлт үшін маңыздылығы мен мәртебесі туралы айтып өтті. Викториналық сұрақтармен жалғасын тапқан шара соңында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р. Төлемісова «Тілім  -тірегім» ақпараттық-танымдық сағатқа белсене қатысқан үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департамент ұжымын алғысхатпен марапаттады.