«Мен қазақша  сөйлеймін» республикалық  акциясына  қатысушылар марапатталды

«Мен қазақша  сөйлеймін» республикалық  акциясына  қатысушылар марапатталды

Тәуелсіздік тұғырының мықты болуы тіл тұтастығына байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің бір сұқбатында: «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты» деген болатын.
«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы қазақ тілінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген этнос өкілдерін біріктірді. 6 тамызда «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының ІІІ кезеңіне қатысушы ЖОО студенттері мен ересек тұрғындарды марапаттау рәсімі өтті.
Барлық материалдарды мұқият зерделеген қазылар алқасының шешімімен Саметова Хамида (ШҚО,  Абай  ауданы) Қазақстан Республикасы   Тәуелсіздігінің   30 жылдығына  орай  өткізілген  «Мен қазақша  сөйлеймін»   акциясында   туған ел,  туған жер  тақырыбындағы   жыр  жауһарларынан   үзінділерді  жатқа  оқып, қазақ тілінің  мемлекеттік тіл   ретіндегі  мәртебесінің  артуына   үлес  қосқаны  үшін,  Анастасия Гросс (ШҚО, Курчатов  қаласы), Индира Бельская (ШҚО, Бородулиха  ауданы)  қазақ тілінің   мемлекеттік тіл  ретіндегі  мәртебесінің  артуына  белсене  қатысқандары  үшін  Қазақстан Республикасы  Білім  және  ғылым   Министрлігі  тіл саясаты  комитетінің  төрағасы  Әділбек  Қабаның атынан  Алғысхаттармен   марапатталды. Акцияға  белсене  қатысушыларды  шын  жүректен құттықтай келе,  зор денсаулық, отбасы амандығын,  еңбектеріне  табыс  тілейміз!