«Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі» тақырыбында семинар өтті

«Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі»  тақырыбында семинар өтті

2021 жылғы 21 маусымда  Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың  2020-2025 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес  қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіруді түсіндіру мақсатында лингвист-ғалымдардың қатысуымен семинар өткізді.                          

            Басқарманың шақыртуымен шараға лингвист-ғалымдар қатысты. Олар: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің меңгерушісі, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссиясының мүшесі,  филология ғылымдарының докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, тілші-ғалым, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті,  репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнес  Ғарифолла Қабдолқайырұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ тіл бөлімі кафедрасының аға оқытушысы, PhdD доктор, Әнесова Үміт Ғарифоллақызы.

Семинарға қатысушылар  лингвист-ғалымдарға латын графикалы әліпбидің жаңа нұсқасына, оны енгізуді халыққа түсіндіру мен үйретуге қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Шара қонақтары тілдерді оқыту орталықтарына өздерінің  тіл ғылымы саласына қатысты монографиялық еңбектерін табыс етті.