Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша есебі

Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша есебі

2021 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасы  Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмысы бойынша кеңес болып өтті. Кеңесті ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Роза Әшімханқызы Төлемісова кіріспе сөзбен ашты.

ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Мәдениетқызы Қалтаева өз баяндамасында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттері негізінде, тіл оқыту орталықтарының атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. ШҚ лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Ырысты Райханқызы аудан, қала тіл оқыту орталықтары директорлары алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Шара барысында Бородулиха, Қатоқарағай аудандарының тіл оқыту орталықтарының директорлары тәжірибелерімен бөлісті.

Алдағы уақытта басқа да тілдерді оқыту орталықтары атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өз тәжірбиелерімен бөлісетін болады.