Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы «Үздік  оқытушы»  облыстық   байқауы

Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы «Үздік  оқытушы»  облыстық   байқауы

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2021 жылғы 20 мамырда Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы «Үздік  оқытушы»   облыстық байқауын  өткізді. Шараның мақсаты - қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер,  ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының дидактикалық ұстанымдары мен шеттілдерін оқытудың үздік әдіснамалық идеяларын басшылыққа ала отырып, ересектерге қазақ тілін үйретудің  әдіснамалық  және  авторлық әдістемелердің негіздерін  қалыптастыру.  

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың   2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес  өткізілген байқауда  облыстағы  тілдерді  оқыту  орталықтарының оқытушылары  бақтарын сынады.   

Байқау  ересектерге қазақ тілін  оқытудың әдіснамасына, авторлық әдістемелерге, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне  арналы.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің оқытушысы Айтқазина Тоғжан Болатбекқызы, ІІ орынды  Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мокроусова Виктория Анатольевна, ІІІ орынды Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің оқытушысы Армия Данияр Берікұлы иеленді. Семей  қаласының   тілдерді  оқыту  орталығының  оқытушысы  Дәркенбай  Асхат  Бейбітұлы  Алғысхатпен  марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы  жеңімпаздарды  дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Байқау  жеңімпазы    республикалық байқауда бағын сынайтын болады.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы