«Тіл шебері» облыстық байқауы

«Тіл шебері» облыстық байқауы

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2021 жылғы 19 мамырда қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген     21-35 жас аралығындағы жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын  өткізді.

Шараның мақсаты - үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Жастар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың                            2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың  2020-2025 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес  өткізілген байқауға облыстың қалалары мен аудандарында өткен іріктеу конкурстарының жеңімпаздары қатысты.  

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің терең сырларына үңіліп, білімдері мен біліктіліктерін көрсетуге келген үміткерлер конкурстың «Сөзтаным», «Ойтаным» және «Елтаным» кезеңдерінде бақтарын сынады.

Байқаудың бірінші кезеңнің шарты бойынша үміткерлер мәтіннен көнерген сөзді тауып, мағынасын ашса, екінші кезеңде  қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беріп, үшінші кезеңде  еліміз туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беріп,тілдерді меңгеру деңгейлерін көрсетті.  

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Анарбеков Әділ Дәуренұлы (Ұлан ауданы), І орынды- Қабылова Әсел Бейсенғалиқызы (Тарбағатай ауданы), ІІ орынды- Әлмаханов Абылайхан Батырұлы (Алтай ауданы), ІІІ орынды-Төлегенова Баян Азаматқызы (Семей қаласы) иеленді.

  Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы  жеңімпаздарды  арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бас жүлдені иеленген жеңімпаз енді  республикалық байқауда бағын сынайтын болады.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы