Ардагерлерді  ардақтайық!

Ардагерлерді  ардақтайық!

2021 жылғы  6 мамыр күні  Шығыс Қазақстан  облысының  тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының қызметкерлері  Ұлы Отан Соғысының  ардагері, биылғы  жылдың қарашасында  99 жасқа  келетін   Анастасия  Павловнаны облыс   әкімі Даниал Кенжетайұлының   атынан келе  жатқан  Жеңіс күнімен  құттықтады. 

Анастасия  әжей   Күршім  ауданы,  Бурабай  ауылының тумасы. Үлкен отбасында  тәрбиеленген.  18 жасында соғысқа аттанып, Ленинград блокадасында болған әжей 1948 жылы Қазақстанға  оралып, Өскемен қаласында бейбіт күннің іргесін қалауға атсалысқан.  Әжейдің  2 ұлынан                   5 немересі, 7 шөбересі  бар. Осы жасқа  келгенімен денсаулығы  тың, бірақ  жүре  алмайды.

Әжей қазақстандықтарға   бейбітшілік,   достық, келісім мен тұрақтылық тілейді.  Сонымен қатар, Қазақстанда  тұратындығын   мақтан етіп, тату-  тәтті  бір шаңырақ астында  мекен еткен  барша  халыққа  ізгі  ниетін  білдірді. Тұрғындарды еліміздегі бейбітшілікті бағалап, оны сақтауға шақырды.   

Өз тарапымыздан  әжейге  және  барша  ардагерлерімізге  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр  тілейміз.  Мереке  құтты  болсын, ардагерлер!