«Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдістер» атты облыстық тренинг

«Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдістер» атты облыстық тренинг

2021 жылғы 29 наурызда ШҚОтілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдістер» тақырыбындағы облыстық тренинг өткізілді.
Аталған іс-шараға облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының ағылшын тілі оқытушылары қатысты.
Тренингте ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ағылшын тілі оқытушысы Поцелуева Наталья Степановна «Сөздік қорын арттыруға арналған жаңа идеялар», ШҚ халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің ағылшын тілі оқытушысы Исаканова Жанар Төлеубекқызы «Шет тілі сабағындағы өздік жұмыс», Ұлан ауданының тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Айтқазы Еркежан «Ағылшын тілін оқыту үдерісіндегі ақпараттық технологияны қолдану», Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Жерносенко Оксана Юрьевна «Ағылшын тілі сабағында интернет-платформалар мен бейне презентацияларды қолдану» тақырыптарында баяндама жасап, облыстағы тілдерді оқыту оралықтарындағы әріптестер ағылшын тілін оқытудағы ой-пікір, тәжірибемен алмасты.