«Мен қазақша сөйлеймін-2021» атты жыл сайынғы облыстық акциясы

«Мен қазақша сөйлеймін-2021» атты жыл сайынғы облыстық акциясы

Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастырылуымен өзге ұлт өкілдерінің арасында батырлар жырынан үзінді оқуға арналған «Мен қазақша сөйлеймін-2021» атты жыл сайынғы облыстық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты:
1) Батырлар жырларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу;
2) Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Акцияға облыс бойынша 30 адам қатысты. Оның ішінде 1-ші орынды Бесқарағай ауданынан Мажитова Алина Анатольевна, 2-ші орынды Бородулиха ауданынан Нұрмағамбетова Алена Ивановна және Жумадилова Татьяна Анатольевна, 3- ші орынды Өскемен қаласынан Неупокоева Рината Владиславовна және Ұлан ауданынан Головоченко Оксана Александровна иеленді. Сонымен қатар, акцияға қатысқан барлық қатысушылар басқарманың дипломымен марапатталды.