«Білім көзі – Ыбырай» атты сайыс

«Білім көзі – Ыбырай» атты сайыс

2021 жылғы 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында қазақ даласының ұлы ұстазы, ағартушы, этнограф Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «Білім көзі – Ыбырай» атты сайыс өткізілді.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын дәріптеу, ұлттық құндылықтармен өнер–білімді насихаттау. Сайыс барысында оқытушылар «Сәлем - сөздің анасы», «Өнер алды - қызыл тіл», «Блиц – турнир», «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша белсенділік танытып, өзара бақ сынасты.
Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені – Камзина Айнұр Келдібекқызы, 1 орынды - Мамыранова Әсем Дәулетқызы, 2 орынды- Қайдарова Ләззат Әскербекқызы және Қабдешова Әйгерім Қайнарқызы, 3 орынды – Оразбеков Мирас Мейрамұлы иеленді. Қатысушылар алғысхаттармен марапатталды.