«Латын графикалы жаңа әліпби негізінде ұлттық жазуды жаңғырту» атты танымдық – ақпараттық сабақ өткізілді

«Латын графикалы жаңа әліпби негізінде ұлттық жазуды жаңғырту» атты танымдық – ақпараттық сабақ өткізілді

2021 жылдың 25 ақпан және 1 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы ШҚО білім басқармасымен бірлесе отырып, Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Президент тапсырмасы негізінде «Қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы» насихат жұмыстарын жүргізу аясында мектепке дейінгі мекемелердің педагог қызметкерлері (тәрбиеші, әдіскер) және жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Латын графикалы жаңа әліпби негізінде ұлттық жазуды жаңғырту» атты танымдық– ақпараттық сабағын өткізді.
Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының білім саласындағы қызметкерлері қатысты.
Ақпараттық сабақ барысында тыңдаушыларға ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушы-тренерлері: Л.Әбилмажинова «Жетілдірілген әліпбидегі жаңалықтар»; Л. Қайдарова «Жетілдірілген әліпбидегі я, ю әріптерінің таңбалануы»; Ә. Мамыранова «Жетілдірілген әліпби бойынша көздағды қолданысын қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.
Кері байланыс аясында педагогтер танымдық – ақпараттық сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар қойған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды. Латын негізді графикасына көшу – заман талап етіп отырған қажеттілік екендігі айтылды.
Аталған шара жоспарланған кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.