Этнос тілдерін оқыту бойынша онлайн-кездесу өтті

Этнос тілдерін оқыту бойынша онлайн-кездесу өтті

Бүгін ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Роза Төлемісова облыстағы Достық үйі- қоғамдық келісім орталықтары директорлар және әдіскерлерімен облыстағы этнос тілдерінің оқытылуы бойынша онлайн кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары да қатысты.

Кездесу барысында этнос тілдерін оқтудың барысы айтылып, жексенбілік мектептің  этнос тілдерін  оқытуға қажетті оқулықтармен қамтылу мәселесі талқыланды.

 Бүгінгі күні облыста 14 Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы жұмыс істейді. 116 этномәдени бірлестік бар. Оның 22 облыстық,  94 - аудандық.   ЭМБ мүшелерініңі саны – 8997.

Жалпы облыс бойынша  10 этностың тілі оқытылады. Олар: татар, армян, әзербайжан, орыс, белорус, шешен, кәріс, неміс, украин, поляк.

Этнос тілдерін оқыту негізінен Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі арқылы жүргізіледі. Бүгінгі күні мектеп базасында.  татар, армян, әзербайжан, орыс, белорус, шешен, кәріс, неміс тілдері, яғни  8 этностың тіл оқытылып жатыр.

Аудан, қалаларда этнос тілдерін оқыту Достық үйі жанындағы этномәдени бірлестіктерде ұйымдастырылған. Семейде неміс, татар, орыс тілдері,  Риддерде кәріс, неміс, әзербайжан, поляк тілдері, Курчатовта орыс, украин тілдері, Бородулиха, Алтай және Шемонаиха аудандарында неміс тілі, Ұлан ауданында татар, неміс, украин тілдері  оқытылады.

Осылайша, бүгінгі күні облыс бойынша  38 топта  457  этнос өкілі өз ана тілдерін, 498 этнос өкілі мемлекеттік тілді оқып жатыр.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы этнос тілдерін оқытуға жағдай жасау мақсатында этнос тілі оқытушыларының әдістемелік құралдарын баспадан шығаруды жоспарға енгізді.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы