Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабатұлының

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабатұлының

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабатұлының төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында Өскемен қаласының 4 көше атауын қайта атау және атау беру бойынша мәселелер қарастырылды.

Бүгінгі қуанышты хабар Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор Қанипа Бітібаеваның есімі Өскемен қаласының Амурская көшесіне беру туралы оң шешім қабылданып, Республикалық ономастика комиссиясында қарау үшін құжаттары жолданды. Ендігі сүйінші хабарды Республикадан күтеміз.

Өскемен қаласының Менделеев көшесіне Бағдат Шаяхметовтың есімін беру бойынша Республикалық ономастика комиссиясынан оң қорытынды алынған. Ал бүгінгі комиссия отырысында Образцовая көшесіне Ұлы ғалым Менделеевтің есімін беру ұсынысы қолдау тапты.

Сондай-ақ комиссия отырысында Өскемен қаласының 20 тұрғын ауданындағы екі атаусыз көшеге жерлестеріміз абайтанушы, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Қайым Мұхамедхановтың және жазушы, публицист, «Социалистік Еңбек Ері» Анатолий Ивановтың есімдерін беру бойынша да ұсыныстары қолдау тапты.

Жалпы бүгінгі облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралған Өскемен қаласының 4 көшесіне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, Республикалық ономастика комиссиясында қарау үшін құжаттары жолданды.

Осы көше атаулары Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда ШҚО әкімдігінің қаулысы мен ШҚО мәслихатының бірлескен шешімі шығарылып, Әділет басқармасында тіркелетін болады.