«Ересектерге тіл үйретудің тиімді тәсілдері» тақырыбында облыстық  онлайн семинар-тренинг өтті

«Ересектерге тіл үйретудің тиімді тәсілдері» тақырыбында  облыстық  онлайн семинар-тренинг өтті

 

 

 

2021 жылдың 15 қаңтары күні Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушыларға арналған «Ересектерге тіл үйретудің тиімді тәсілдері» тақырыбында онлайн форматта облыстық семинар-тренинг болып өтті. Семинар  -тренингке  Шығыс Қазақстан  облыстық тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының басшысы  Роза  Әшімханқызы  Төлемісова  қатысып, кіріспе сөз сөйледі. Сонымен қатар,  қала, аудандардағы  тілдерді  оқыту  орталығының әдіскерлері  мен ұстаздары  қатысты.

Семинар-тренингке әріптестік қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісу үшін Нұр-Сұлтан қаласы  Тұран- Астана университетінің әлеуметтік гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Карипжанова Гүлназ  Төкенқызы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі п.ғ.м. Жақанова Жұпар Рысқұлқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дарынды  қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары, ғылым магистрі, педагог  шебер Аубакирова  Алтынгүл  Кенжеғарақызы, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының оқытушы-тренері Қалиева Бақытгүл Саятқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №65 мектеп-гимназиясы директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі Мырзахметова  Майра  Айыпханқызы қатысып, ересектерге мемлекеттік тілді меңгертуде қолданатын тәсілдер мен сөйлеу дағдыларын дамытудың тың әдістерімен таныстырды.

Шара соңында қатысушылар  пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті, баяндамашыларға  алғысхаттар тапсырылды.

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы