Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен  қымбат» мақаласымен таныстыру  онлайн іс – шарасы

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен  қымбат» мақаласымен таныстыру  онлайн іс – шарасы

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасының  ұйымдастыруымен  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен  қымбат» атты мақаласымен таныстыру  бойынша  онлайн  кеңес  өткізілді.  ШҚО тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының басшысы  Роза  Әшімханқызы  Төлемісова  өз баяндамасында  «Мемлекетімізді нығайтудың кезек күттірмес міндеттерін саралаған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінің   5-ші қаңтардағы санында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы биылғы және таяу болашақтағы істерімізді белгілеген бағдарламалық туынды» - деп атап  өтті. Аталмыш мақала бүгінгі күннің маңызды мәселелерін толық қамтыған, халқымыздың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға нақты жауап беретін сүбелі материал  және мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданылу аясын кеңейте түсуді тапсырғанын нақтылап қадап айтты.

Аталған мақала туралы сөз кезегін алған  С. Аманжолов  атындағы  ШҚУ  доценті,  филология ғылымдарының кандидаты  Айгүл Әлімхан   адамға тілді түсініп, қолдана алу үшін 3000 сөз білсе жеткілікті, тіл саласының маманы ретінде еліміздің 30 жылдық тарихында жылына 100 сөз меңгере алмай жүрген отандастарымызға таңым бар. Еліміздің Отанын сүйетін, намысты, қайратты, білімді ұрпағын қалыптастыру ісі де қолға алынып, баса назар аударатын өзекті мәселе болып отырғандығына тоқталды.

Осы университеттің Қазақстан тарихы кафедрасының  аға  оқытушысы, Ресей  Федерациясы  Алтай  мемлекеттік университетінің  аспиранты Жаннета   Қаллимолдина бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады, біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымыз,  келер ұрпақ  өз тарихын жете  меңгеруі керек  және    ономастикалық кеңістікте   атқарылған  маңызды жұмыстарды  тілге  тиек етті.
Сонымен қатар  Бородулиха  аудандық мәдениет және тілдерді  дамыту  бөлімінің   басшысы  Индира Бельская,  Глубокое  ауданының тілдерді  оқыту  орталығының директоры  Жвнвр  Идрышева    ой-пікірлерімен  бөлісті.

Аталған шараға  онлайн түрінде  облыстағы 19  қала мен аудандардың  мәдениет және   тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшылары, тіл мамандары, тілдерді  оқыту  орталықтарының  директорлары,   әдіскерлері  мен  оқытушылары  қатысты.

ШҚО  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы