«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы»

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы»

2020 жылғы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ZOOM платформасы арқылы этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын өткізді.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты -  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан қазақ тілін жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос өкілдері  онлайн режимінде қатысты.

Шараны ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Роза Әшімханқызы Төлемісова құттықтау сөзбен ашты.

Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы  қатысушылар алдын-ала ұсынған 3 минуттық қысқа метражды фильм мен «Мен неге бас жүлдеге лайықтымын» тақырыбындағы эссені бағалады.

Екінші кезеңде қатысушылар онлайн режимінде ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғады.

 Облыстық байқаудың  қорытындысы бойынша  Күршім ауданынан қатысқан  Армен Гагикович Карапетян  Бас жүлдеге лайық деп танылып,  республикалық кезеңге жолдама алды.  I орынды Виктория Анатольевна Мокроусова (Бородулиха), II орынды Анжелика Игоревна Федотова (Ұлан),  III орынды ауданынан Екатерина Николаевна Бейсембаева (Шемонаиха) иеленді.

Байқау жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы