«Ұлттық ономастика – Ел айнасы»

«Ұлттық ономастика – Ел айнасы»

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде қала, аудандардың ономастика саласымен айналысатын мамандарымен «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» тақырыбында облыстық байқау өткізілді.

Өткізілген шараның төрт кезеңі бойнша қатысушылардың жетістіктерін, ұшқырлықтарын бағалау үшін Әділ қазылар алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бияров Бердібек Нұролдаұлы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Қалимолдина Жаннета Амангелдіқызы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Алқанова Жанар Ахметқалиқызы, Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Темербеков Азамат Социалұлы төрелік етті.

Аталған байқаудың кезең-кезеңдері бойынша қатысушы командалар өздерінің ономастика саласы бойынша атқарған жұмыстарын көрсетіп және ономастика саласын реттейтін Нормативтік құқықтық актілерден келтірілген үзіндіні оқып, оның нешінші бап екенін анықтап және «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020−2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» келтірілген сұрақтарға топпен жауап беру арқылы сайысқа түсті.

«Ұлттық ономастика – Ел айнасы» тақырыбында өткен облыстық байқауының нәтижесі бойынша Семей қалалық тілдерді дамыту бөлімінің мамандарынан құрылған «Қазыналы Семей» командасы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандарынан құрылған «Шежіре» командасы екінші орынды және Жарма ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарынан құрылған «Таңбалы тас» командасы үшіні орыды иеленді.

Облыстық байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын марапаттау үшін қазылар алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы бірінші, екінші және үшінші орынды иеленген топтарға басқарма атынан дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар өз өнерлерін ортаға салған, белсене қатысқан барлық топтарға алғысхаттар беріліп, әрқашан да жетістіктерге жете беруге тілек білдірді!