Ауданымызда "Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру" қайырымдылық жобасы аясында Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде республикалық деңгейде іс-шара өткізілді. Шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Саиров Ерлан Бияхметұлы мен Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы, сондай-ақ Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ерниязова Жұпат Оралқызы арнайы келіп, мектеп ұжымы мен шараға қатысушыларды құттықтады. Биылғы жылы бұл жобаны жүзеге асыруға "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан 250 млн теңге қаражат жұмсалған болатын. Нәтижесінде Абай атындағы атындағы орта мектептің материалдық базасын толықтай жаңартты. Оқу ордасындағы барлық оқу кабинеттері мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары, кітапхана, спорт залы, мұғалімдер бөлмесі, психологиялық кабинет барлығы да толықтай жабдықталды. Робототехника, STEM кабинеттері, сурет және тігін шеберханасы, ұстахана бар.