«Жайлау күні» спорттық-мерекелік іс шарасына шақырамыз!

«Жайлау күні» спорттық-мерекелік іс шарасына шақырамыз!
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 2023 жылдың 30 шілдесінде Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің күніне орай өткізілетін «Жайлау күні» спорттық-мерекелік іс-шарасына шақырамыз. Жылдың төрт мезгілінде төрт түлігін түлетіп, қажырлы еңбектеніп келе жатқан ата кәсіп иелерінің мерекесі аудан көлемінде аталып өтіледі. Ауданымыздағы алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылық құрылымдарының мүшелері төсбелгілермен, алғыс хаттармен және де бағалы сыйлықтармен мараппаталатын болады. Аталған мерекелік-көпшілік шара Жетіарал ауылының «Қотанашы» жайлауының баурайында өткізіледі. Ұлттық спорттың 8 ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен мараппаталады.
1. Бәйге жеңімпаздары қаржылай және бағалы сыйлықтармен мараппаталады. Бәйгеге тек қазақы тұқымды жылқылар қатысады, асыл тұқымды жылқылардың қатысуына қатаң түрде тыйым салынады.
2. Қазақша күрес- Өгіз балуан (70 кг дейін), Түйе балуан (70+) екі салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады.
3. Көкпар;
4. Аударыспақ;
5. Теңге ілу;
6. Қой көтеру;
7. Арқан тартыс;
8. Ерлер және әйелдер жүгірісі (жаяу жарыс).
Спорттық жарыстардың анықтамалық телефоны-8701 333 6601 Асет