ЖАСТАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ

ЖАСТАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ

ЖАСТАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Шығыс Қазақстан облысында жастарға микрокредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғастырылатындығын хабарлайды. Биылғы жылы барлығы 218 шағын несие беру жоспарлануда.
Жастарға микрокредит беру бағдарламасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады. Микрокредит беру 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, оларды өтінім беру сәтінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу мерзімі 5 жылдан аспайды. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері де қатыса алады.
Жас кәсіпкерлер мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін өтеу мерзімі – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін - 5 жылға дейін, жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Микрокредит мерзімінің ұзақтығының үштен біріне дейінгі негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең көзделген.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілді қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. Филиалдардың мекенжайлары agrocredit.kz сайтында көрсетілген.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. жеке басын куәландыратын құжат;
2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар;
4. қаржы ұйымдарынан (кредиттер болған кезде) кредиттік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Микрокредиттер келесіні қоспағанда, кез келген мақсаттарға беріледі:
- тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
- бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
- азаматтық айналымнан алынған қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас заттарды), құрамында есірткі бар заттарды немесе басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
- ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
- темекі және / немесе алкоголь өнімдерін сатып алу;
- кредиторлық берешекті өтеу;
- бизнесті жүргізумен байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.
Шағын несие беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырысында таныстырады, комиссия бизнес-жобаларды бағалауды және олардың неғұрлым перспективалысын таңдауды жүзеге асырады.
Осылайша, микрокредит беру туралы шешім үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде комиссиялық түрде қабылданады. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең, нақты іс-қимыл жоспарымен болуы керек.
Аграрлық кредиттік корпорация жастарға микрокредит беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде әрекет етеді және құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, кредит және кепіл туралы келісімдерді дайындау, кредит сомасын қарыз алушыға беру, кредиттің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қамтамасыз ету мониторингі, қарыз алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушылардан төлемдерді қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру функцияларды жүзеге асырады.
Кеңес алу және өтінім беру үшін мекенжайлар мен байланыстар:
- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалы Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 51 үй;
- тел. 8 701 006 16 51.