Тарбағатай ауданында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық шаралар өткізілуде

Тарбағатай ауданында өрт қауіпсіздігі ережелерін   сақтау бойынша профилактикалық шаралар өткізілуде

Тарбағатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жəне №15-ӨСБ-нің қызметкерлері жиналып, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау бойынша профилактикалық шаралар өткізілуде. Шара барысында тұрғын үй иелеріне тұрмыстағы электр құрылғыларын жəне пештерді қолданудағы өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, өрт оқиғасы болған кездегі іс-қимылдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақтары таратылды. Сонымен қатар өрт жəне басқада төтенше жағдай туындаған жағдайда "101" , "112" нөмері арқылы құтқару қызметіне хабарласуы айтылды. Осы бағытта жылыту маусымы аяқталғанға дейін профилактикалық іс-шаралар жоспарға сəйкес өз жалғасын таба беретін болады.