Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы жөніндегі Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы жөніндегі Тарбағатай  ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды.
2023 жылдың 07 ақпаннан бастап Тарбағатай ауданы әкімінің өкімімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аудан әкімінің орынбасары болып ТАЛАНТ БАҚЫТБЕКҰЛЫ тағайындалды.
Талант Бакытбекулы — 1985 жылы 28 маусымда ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
2007 жылы — Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде "Көпірлер және көлік тоннелдері" мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2012 жылы — Орталық Азия университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2007-2008 жылдар аралығында Өскемен қаласында "Көпір салу компаниясы" ЖШС да шебер болып еңбек жолын бастаған.
2008 - 2013 жылдар аралығында Өскемен қаласындағы "Востокавтодор" АҚ-да шебер болып еңбек еткен.
2014 жылы — "Курчатов қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бас маман
2014- 2015 жылдар аралығында аралығында Көкпекті аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, бас маман болып қызмет атқарады.
2015 жылы «Өскемен қаласының тұрғын үй инспекция бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып қызмет атқарды.
2015-2018 жылдар аралығында «Өскемен қаласының тұрғын-үй инспекция бөлімі» ММ кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау секторының меңгерушісі болды.
2018 жылы «Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшының орынбасары болып қызмет атқарды.
2018-2021жылдар аралығында ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2021- жылы ШҚО, Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2021- 2022 жылы аралығында ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
2022- 2023жыл аралығында Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.