Бүгін Тарбағатай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.
Жиналысқа аудан әкімінің аппараты, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 3 ақпарат тыңдалды:
Сабырбаев Ержан Советбекұлы, Тарбағатай аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы —«Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз жекешелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер, жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Сауытжан Әдия Сейтахметқызы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді моноторингілеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы — Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс- шараларының 2022 жыл бойынша қорытындысы және 2023 жылға арналған іс-шаралар
жоспары туралы;
Слямжанов Құрманғазы Құмарбекұлы, Тарбағатай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы— Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасының жүзеге асуы туралы.
Аудан әкімі тарапынан баяндамашыларға бірнеше сұрақтар қойылып, талқыланды.
Мемлекеттік бағдарламаларды ауылдық округтерде халыққа түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін қадағалауды тапсырды.