Абайлаңыз,алаяқтар!

Абайлаңыз,алаяқтар!

Абайлаңыз, алаяқтар!

 

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша соңғы айда белгісіз біреулер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерімін деп таныстырып, қарызды өтеуді немесе қарызға байланысты шоттарды бұғаттау, сондай-ақ тексеру үшін жеке деректерді сұрау арқылы алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертеді.

       Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің қызметкерлері ешқашан тұрғындарға қоңырау шалмайды, борышкерлердің мәліметтер базасына қол жеткізе алмайды, коллекторлық компаниялардың жұмысына араласпайды.

       - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен көрсетілетін қызметті алушылардың арасындағы кез келген байланыс тек 1414 нөміріне SMS хабарлама арқылы жүзеге асырылады, онда азаматтарға қол жетімді бронь, құжаттардың қолданылу мерзімі, берілген күні немесе композиттік қызметтерге сұраныстар туралы хабардар ете алады,- деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қырағылық танытуға және өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге қатаң кеңес береді. Мұндай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгіне алады.