Аудандық "Тұғырлы Тарбағатай" газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты

Аудандық "Тұғырлы Тарбағатай" газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты

Бүгін ауданымыздың төл газетінің алғашқы саны жарық көріп, алғашқы оқырмандарымен қауышты. Бұл туралы газеттің бас редакторы Ернар Үсенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалықпен бөлісті. 1936 жылдан бері ауданның қоғамдық-саяси өмірінің айнасындай бұл газет "Ленин туы", "Тарбағатай нұры", "Тарбағатай" деген атаулармен танылған болатын. Араға ширек ғасыр салып қайта құрылған аудан жаршысының жаңа атауы, көпшіліктің ұсынысымен "Тұғырлы Тарбағатай" деп аталды. Газетке жазылу әлі де жалғасуда.