Үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы

Үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы

Бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады?
⁃ тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алатынын естеріңізге саламыз:

1 және 2 топтағы мүгедектер;

мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 37 389 теңге 01.04.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.
Тағы бір талап – субсидия алуға үміткер депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар шотты біздің банк кеңесшілері арқылы аша алады. Кеңесшілер тізімімен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://hcsbk.kz/ru/network-agents/
Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.
Сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау қағидалары өзгергенін қуана хабарлаймыз!
Енді өтініш берушілер жылжымайтын мүліктің бар-жоғын тексермейді. Яғни, егер Сізге қандай да бір тұрғын үй немесе оның үлесі тіркелген болса, онда бұл бағдарламаға қатысу кезінде кедергі болмайды.