ШҚО ТЖД халыққа үйде қалуды ұсынады

ШҚО ТЖД халыққа үйде қалуды ұсынады

«Қазгидромет» ақпараты бойынша облыстың басым бөлігінде ауаның төмен температуралары, боран, жел сақталады. Таулы аймақтарда-қар көшкіні қаупі бар. Халыққа қауіпсіздік ережелерін сақтап, елді мекендерден тыс жерлерге шығудан бас тартуды ұсынамыз.
Барар алдында жол жағдайын нақтылаңыз-мұны "Дармен" мобильді қосымшасы жүктеу арқылы білуге болады. Сондай – ақ, республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы 26-28-08, облыстық-57-42-52 телефондары арқылы нақтылауға болады.
Жүргізушілерді жағдай жақсарғанға дейін тәуекелге бармауға және аймақтан тыс жерлерге шығуға шақырамыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі