Назар аударыңыз!!! Көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде

Назар аударыңыз!!! Көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде

Назар аударыңыз!!! Көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылдың маусым-шілде айларында көші-қон полициясының сыртқы көші-қон мәселелері жөніндегі қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Талдау барысында көші-қон полициясының мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру (соның ішінде шетелдіктердің еңбегі мен олардың елде болуына рұқсаттар беру және ұзарту, виза, тұруға ықтиярхат, депортация және т.б. ресімдеу мәселелері бойынша) рәсімдеріндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау маңызды.

Осыған байланысты аталған мәселе бойынша ақпаратты, шағымдар мен ұсыныстарды analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 777 708 28 48 WhatsApp нөміріне жібере аласыз.

Құрметті облыс тұрғындары мен шетелдік азаматтар, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды.

Сондықтан, шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуыларыңызды сұраймыз.