Колледж ұжымымен кздесу

Колледж ұжымымен кздесу
Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері және аудандық мәслихаттың хатшысы, "Аманат" партиясының мүшесі А. Боғырбаев, облыстық штабтың мүшесі Х. Сәтиевтер Ақсуат ауылындағы "Тарбағатай" колледжінің ұжымымен кездесті.
Колледж директоры Қайрат Нұрбекұлы бұл кездесуге тыңғылықты дайындалыпты. Кездесу өтетін акт залында референдумға байланысты баннер және басқа да үгіт материалдары ілінген. Бір айтарлығы, кездесуге ұжым мүшелерінің барлығының дерлік қатысуы болды. Жиынды ұжым басшысы жүргізіп отырды. Онда аудандық мәслихат хатшысы Асқар Жұмашұлы кіріспе сөз сөйлеп, аудандық штаб мүшесі Ержан Кәрібайұлы референдумға байланысты баяндама жасады. Баяндамадан кейін сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Мәселен, қолданыстағы Конституцияның 7- бабының, 1- тармағында "Мемлекеттік тіл қазақ тілі" деп жазылған. Алайда, 7- баптың, 2- тармағында "орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" деп көрсетілген. Бұл дегеніміз екінші мемлекеттік тіл деген сөз. Бір ауызда екі тіл болмайтыны сияқты бір Мемлекетте де екі мемлекеттік тіл болмауы керек. Сондықтан 7- баптың 2- тармағы Конституциядан алынып тасталса. Және Президенттің жақын туыстары Мемлекеттік органдар мен квазисектордың басшылары болмауы керек дегенге қарсымыз. Егер адам іскер әрі қабылетті болса, жұмысын жақсы істесе Президенттің туысы екен деп неге оның құқығын шектеуге жол беріледі. Қойылған сұрақтарға түсінікті жауаптар беріліп, ұсыныстардың іріктеліп жоғары орындарға жіберілетіндігі айтылды.