Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Б.Оразғалиев (төраға), О.Рахымжанов , Е.Құттыбавтар және аудандық мәслихаттың депутаты, "Amanat" партиясының мүшесі Н.Нұрбекова бірлесіп референдумға байланысты үгіт жүргізді.
Олар осындай мақсатта Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта мектебінде болып, мұғалімдермен кездесті. Онда елімізде саяси реформа жүргізу үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ, Конституцияның 33 бабына 56 өзгерістер енгізілетінін және олардың негізгілерін айтып берді. Кездесу соңында 5- маусым күні сайлауға қатысып, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдап дауыс беруге шақырды.