7-мамыр отан қорғаушылар күні аталып өтті

7-мамыр отан қорғаушылар күні аталып өтті

 

7-мамыр отан қорғаушылар күні аталып өтті

 

7-мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Боғас бекетіндегі хан батыр Қаракерей Қабанбай бабамыздың ескерткіші орналасқан саябақта болып, шырша, терек көшеттерін отырғызу шарасына қатысты. Отан қорғаушылар күні қарсаңында мұның символикалық мәні бар.

Тарихқа көз жіберсек, Абылай заманынан бері еліміздің азаттығы мен бостандығы жолында ұлы шайқастарға қатысқан қаншама батырларымыз бар. Сондықтан, қазақ халқы екінші дүниежүзілік соғыстан басқаны көрмеген тәрізді таптаурын көзқарастан арылуымыз қажет секілді. Ақиқатында Қазақ Қарулы Күштері құрылғанына 30 жыл десек те, тарихы одан да тым әріде жатыр, бірнеше ғасыр деуге болады.