Көгалдандыру абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Көгалдандыру абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Аудан көлемінде көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Көктемнің әр күнін тиімді пайдалану мақсатында ауылдық округтерде ағаш көшеттерін отырғызу басталды.

Мұндай игі іс "Ырғызбай әулие" кесенесінде де жалғасын тапты. Оған арнайы барған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Кесене басына 250 шырша, 250 терек көшеттері отырғызылды. Экологиялық айлыққа мекеме, бөлім қызметкерлері жан-жақты атсалысуда.

Аудан әкімі ағаш ектім болдымен іс бітпейтінін, оны уақтылы суғару, арамшөптен тазарту, түбін қопсытып-қомдау жұмыстары жүйелі түрде атқарылу қажеттігін атап өтті.