Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері!!!

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері!!!

               Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Елордалық құтқарушылар мұз үстінде жүру ережелерін түсіндірді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. Әдетте, су беті біркелкі емес, бөлік-бөлікпен қатады: алдымен жағалауы, судың таяз жері, содан кейін ортасы. Адамның мұз үстінде қауіпсіз болуының негізгі шарты мұз қалыңдығының салмаққа сәйкестігі болып табылады: – бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 7 см кем емес; – мұз айдынын салу үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 12 см және одан да көп; – жаяу өткелді жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан көп; – автомобильдер өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см. Ешқандай жағдайда мұз үстінде қараңғы уақытта және ауа-райы қолайсыз болғанда (тұман, қар, жаңбыр) жүруге болмайды; Өзеннен өту үшін мұз өткелдерімен жүру керек; Мұздың беріктігін аяқпен тексеруге болмайды. Егер ағашпен немесе шаңғы таяқшасымен соққаннан кейін су көрінсе, бұл мұздың жұқа екенін білдіреді. Мұндай жағдайда аяқты мұздан ажыратпай, иық тұсына дейін аяқтарыңызды ашып, сырғымалы қадамдармен келген ізіңізбен дереу қайта кету керек. Мұз жарылған немесе шытынаған жағдайда да дәл осындай әрекеттер жасау қажет; Егер мұз бетінен өтуге мәжбүр болсаңыз, жүріп өткен жолдың немесе шаңғы жолының ізімен жүруге тырысыңыз. Егер ондай жол болмаса, айналаңызға мұқият қарап, алдағы маршрутты белгілеуіңіз керек; Мұз бетінен топпен өткен кезде әр адам арасында 5-6 м арақашықтық болу керек. Мұз басқан өзенді (көлді) шаңғымен өткен дұрыс, бұл ретте қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекіткішін ашыңыз, шаңғы таяқтарын қолыңызда ұстаңыз, қауіп төнген жағдайда оларды дереу тастау үшін ілмегін қолыңызға тақпаңыз; Егер рюкзак ұстап жүрсеңіз, оны бір иыққа іліп алыңыз. Бұл мұз жарылып, суға батсаңыз, жүктен тез босауға көмектеседі. Мұз басқан суға түсу үшін ұзындығы 20-25 метр болатын берік сым және үлкен ілмек пен жүк алып жүру керек. Жүк ілінген сымды суға түсіп кеткен адамға лақтыру оңай болады, зардап шегуші оны қолтық астына өткізіп, сенімді ұстап тұруы үшін ілмек қажет; Ата-аналардан балаларды мұзға (балық аулауға, шаңғымен және конькимен сырғанауға) қараусыз жібермеуді сұраймыз; Су айдынында ең жиі кездесетін қайғылы жағдай ішімдіктің кесірінен болады. Адам басына төнген қауіпті сезбей, төтенше жағдайда дәрменсіз күйде болады.